«World of Tanks және BrainTonic Actibo» акциясына қатысудың шарттары мен  өткізудің ресми ережелері»

1. Акцияның атауы: «World of Tanks және BrainTonic Actibo» (бұдан әрі мәтін бойынша – «Акция»).

Акция дәмі Black, «World of Tanks және BrainTonic Actibo» акциясының белгісі бар қаптамада Brain Tonic Actibo («Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС өндіретін алкогольсіз сергіткіш сусындар) сауда маркасының өніміне қатысты өткізіледі.

2. Акцияны ұйымдастырушы (бұдан әрі – «Ұйымдастырушы») «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС болып табылады, заңды мекен-жайы: 040804, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қапшағай қаласы, Заречный ауылдық округі, Арна ауылы, Арна өнеркәсіптік аймағы, Маревен Фуд Тянь-Шань аумағы, 1б ғимарат, БСН 150440018581, КБЕ 17, ОКПО 52938431

Акцияны ұйымдастырушы, сондай-ақ Акцияға қатысушылардың дербес деректерін ұйымдастыруды және өңдеуді жүзеге асыратын, сондай-ақ дербес деректерді өңдеу мақсаттарын айқындайтын оператор болып табылады.

2.1. Акцияның серіктесі «КаР-Тел» ЖШС болып табылады, заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Нұр-Сұлтан қаласы, Қадырғали Жалайыри көшесі, 2 үй, БСН 980540000397 (бұдан әрі – Серіктес).

3. Акцияны өткізу аумағы - Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы.

4. Акцияны өткізудің жалпы мерзімі - 2020 жылдың 01 маусымнан бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанға дейін (бұдан әрі мәтін бойынша – «Акцияны өткізу кезеңі»).

5. Акцияға 14 жасқа толған Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қатысушы») қатыса алады.

6. Акцияның қатысушысы болу үшін, сізге қажет:

6.1. Сіз қаптаманың ішінде жеке коды* бар, дәмі Black, «World of Tanks және BrainTonic Actibo» акциясының белгісі бар қаптамаларда Braintonic Actibo өнімдерінің кемінде 1 (бір) бірлігін сатып алыңыз.

* Жеке код – Акцияға қатысатын (бұдан әрі мәтін бойынша – «Жеке кодты тасымалдаушы») өнімнің қаптамасының ішінде (бөтелке қақпағының ішкі жағында) орналасқан 10 сан мен әріптердің тіркесімінен тұратын комбинация.

Жеке кодтар қайталанбайды. Бір жеке кодты Акцияға қатысу үшін бір реттен артық пайдалануға болмайды.

Қатысушы Акцияны өткізу мерзімі аяқталғанға дейін Жеке кодтардың тасымалдаушыларын (жеке код бейнеленген қаптаманың бір бөлігін, не болмаса жеке кодтың фотографиялық бейнесін) сақтауға міндетті.

Акцияға қатысатын жеке кодтардың саны шектеулі және Акцияның аяқталу мерзімінен бұрын жұмсалуы мүмкін.

6.2. ActiboWoT.kz Акция порталында Жеке кодтарды Қабылдау кезеңінде тіркелу Акцияға Қатысушы ретінде қатысу үшін. Егер Қатысушы порталда тіркелсе, қайта тіркеу талап етілмейді және барлық кейінгі әрекеттер қолда бар тіркеу жазбасының шеңберінде өтеді.

6.2.1. ActiboWoT.kz интернет-сайтта тіркелу кезінде Қатысушы өзінің жеке деректерін (бұдан әрі мәтін бойынша – «Тіркеу деректері») көрсете отырып, сауалнаманы толтыруы қажет, атап айтқанда:

- ТАӘ және электрондық пошта мекен-жайы (сол – Логин болады),

- Құпия сөзді ойлап табу (кем дегенде 1 сан, 1 кіші әріп, 1 бас әріпті қамтуы керек, 6-20 таңбадан тұруы керек және бос орындар болмауы керек)

- Тіркеу процесінде тиісті пунктте белгіше орнату арқылы Акцияның осы шарттарын қабылдау.

6.2.2. Тіркеуді аяқтау үшін Қатысушы көрсетілген электрондық пошта мекен-жайына жіберілетін сілтемені басу арқылы электрондық пошта мекен-жайын растауы керек.

6.2.3. ActiboWoT.kz интернет-сайтқа кіруді жүзеге асыру үшін тіркеу аяқталғаннан кейін Акцияға қатысу мақсатында Қатысушы тіркеу процесінде көрсетілген логин мен құпия сөзді пайдалануы тиіс.

6.2.4. ActiboWoT.kz интернет-сайтқа кіру үшін құпия сөзді қалпына келтіру үшін (Қатысушы құпия сөзді ұмытып қалған жағдайда), Қатысушы құпия сөзді өз бетінше қалпына келтіру үлгісін пайдаланып, тіркеу кезінде көрсетілген электрондық пошта мекен-жайынан жаңасын алуы қажет.

6.2.5. ActiboWoT.kz интернет-сайтта тіркелу рәсімінен кейін Қатысушы кодты тіркеу жүргізілетін және 7.1-тармақта көрсетілген алынған жүлделерді тіркей отырып, Жеке кодтарды тіркеу тарихы көрсетілетін жеке кабинетке (Логин мен Құпия сөзді байламы көрсетілген кезде ғана кіруге болатын сайттың басқа келушілерден жабық бөлігі) кіруге рұқсат алады.

6.3. Логин мен құпия сөзді пайдалана отырып, ActiboWoT.kz интернет-сайтқа кіру үшін  кемінде 1 (бір) жеке кодты тіркеу керек.

6.3.2. Келесі жеке кодтар қате деп танылады, есепке алынбайды және тіркелмейді:

- ойдан шығарылған;

- қате немесе қатемен енгізілген (Жеке код тасымалдаушысына жазылған кодтардың деректер базасына сәйкестік табылмаған);

 - Акцияның осы немесе басқа қатысушысымен бұрын тіркелген;

- Акция аяқталған күннен кеш тіркеуге ұсынылған (2020 жылғы 31 желтоқсан Алматы уақытымен 23 сағат 59 минуттан кеш).

7. Жүлде қоры:

7.1. Дәмі Black, «World of Tanks және BrainTonic Actibo» акциясының белгісі бар әрбір қаптамадағы кепілдендірілген сыйлық. Кепілдендірілген жүлде қоры 35 000 (отыз бес мың) промо - кодты құрайды, олардың әрқайсысы Wargaming әзірлеушісінен World of Tanks ойынында 25 (жиырма бес) Gold* алуға құқық береді (Gold - РС платформасы үшін World of Tanks бейне ойынның виртуалды ойын ішіндегі валютасы. Бұдан әрі - Gold). Wargaming промо-кодтарының саны шектеулі, жүлде қоры таусылғанға дейін немесе акция аяқталғанға дейін беріледі.

*Тиісті платформа үшін World of Tanks бейне ойыны қажет. Ойын тегін таратылады (https://wargaming.net).

7.1.1. Қатысушының жеке кабинетінде есептелген промокодты World of Tanks ойынының ойын ішіндегі валютасына айырбастау мерзімі - 2021 жылдың 31 қаңтарына дейін.

7.1.2. Бір тіркеу жазбасынан Жеке кодтарды тіркеу саны шектелмеген, әрбір тіркелген код үшін Қатысушы Wargaming промо-кодын кепілді түрде алады.

7.1.3. Серіктес акцияның барлық қатысушыларына промо-кодтарды есептеудің арнайы шарттарын ұсынады. 01.08-ден бастап және дәмі Black, «World of Tanks және BrainTonic Actibo» акциясының белгісі бар қаптамадан Серіктес ұсынған промо-кодтар таусылған сәтке дейінгі кезеңде сағат 19:00-ден бастап 20:00-ге дейін (Алматы уақыты), 7.1-тармақта көрсетілген кепілдендірілген сыйлықтың номиналы 25 (жиырма бес) Gold номиналымен екінші промокодты қосымша есептеу арқылы Акция Серіктесімен екі еселенеді. Wargaming қосымша промо-кодтарының саны шектеулі және Серіктес жүлде қоры таусылғанға дейін немесе акция аяқталғанға дейін ұсынады. Серіктестің арнайы шарттары бойынша промо-кодтарды тіркеу саны күніне акцияға Қатысушының тіркеу жазбасына 2 (екі) белсенділікпен шектеледі.

7.1.3.1. Серіктес ұсынатын қосымша жүлде қоры 3500 (үш мың бес жүз) промо-кодты құрайды, олардың әрқайсысы 25 (жиырма бес) Gold алуға құқық береді.

8. Акция жүлделерін алу шарттары, тәртібі және мерзімі:

8.1. Акцияға қатысушылар Акцияны өткізу ережелерімен ActiboWoT.kz сайтында танысуға міндетті.

8.2. Кепілдік берілген жүлде ретінде алынған кодты Gold-ге айырбастау тәртібі:

- Акцияға қатысушы ActiboWoT.kz сайтына кіруі керек

- Акцияға қатысушы акцияны өткізу шарттарымен келіседі

- Акцияға Қатысушы жеке Аккаунт жасайды және электрондық пошта мекен-жайын растайды

- Сайтта Аккаунт иесі ретінде авторланудан кейін Акцияға Қатысушы жеке кабинетте дәмі Black, «World of Tanks және BrainTonic Actibo» акциясының белгісі бар қаптаманың кодын арнайы жолға енгізеді.

- Жасалған әрекеттер дұрыс болған жағдайда, Акцияға Қатысушыға Wargaming коды беріледі. Код ActiboWoT.kz сайт акциясына Қатысушының жеке кабинетінде сақталады.  

 World of Tanks ойынында Wargaming кодын іске қосу тәртібі:

- Wargaming порталына кіру үшін ойын login-і мен құпия сөзді пайдаланыңыз (https://wargaming.net)

 - «Wargaming кодын іске қосу» қойындысы, «Премиум дүкен» бөліміне өтіңіз (https://ru.wargaming.net/shop/redeem/)

- Кодты енгізіп, Белсендіру түймесін басыңыз

Wargaming-тен (https://worldoftanks.ru/ru/content/guide/general/bonus/) ресми FAQ

8.2.1. Жеке кодтарды қабылдау мерзімі - 2020 жылдың 01 маусымнан  бастап 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін.

8.2.2. Wargaming кодтарын қабылдау мерзімі – 2021 жылдың 31 қаңтар 23 сағат 59 минутқа дейін (Беларусь Республикасы, Минск қ. уақыты)

8.3. Осы Ережеде белгіленген жүлделер айырбасталмайды және өзге баламалармен алмастырылмайды.

8.4. Ұйымдастырушының қатысушыға жүлдені беру жөніндегі міндеттемелері Wargaming коды Акцияға Қатысушының жеке кабинетіне есептелген сәттен бастап орындалды деп саналады.

8.5. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережемен толық танысқандығын және келісетіндігін растайды.

8.6. Ұйымдастырушы Қатысушы тарапынан Қазақстан Республикасының заңнамасын, сондай-ақ осы Ережені бұзатын алаяқтық және өзге де іс-әрекеттердің салмақты дәлелдері болған кезде Қатысушыны жүлдеден айыру құқығын өзіне қалдырады.

8.7. Ұйымдастырушы акцияға одан әрі қатысуға және алаяқтық әрекеттер жасаған немесе әрекеттерін Ұйымдастырушы алаяқтық деп санауы мүмкін Қатысушылардың жүлдесін/ жүлделерін алуға жол бермеу құқығын өзіне қалдырады.

9. Өзге шарттары.

9.1 Акцияны Ұйымдастырушы төмендегілер үшін жауапты емес:

9.1.1 Қатысушылардың акцияға қатысуға және жүлделерді алуға байланысты міндеттерді орындамауы (уақтылы орындамауы);

9.1.2 Қатысушыны осы акцияны өткізу ережелерімен және оған қатысу шарттарымен таныспауы, Қатысушылардан электрондық хабарламаларды, оның ішінде техникалық мәселелер және/немесе интернет желісіндегі алаяқтық және/немесе Акцияны өткізу кезінде пайдаланылатын байланыс арналары нәтижесінде байланыс ұйымдарының кінәсінен алмауы;


10. Акцияның жалпы шарттары.

10.1. Акцияға қатыса отырып, Қатысушылар Акцияны Ұйымдастырушыларға Акцияны өткізу мақсатында өздері ерікті түрде ұсынған ақпаратты (оның ішінде олардың дербес деректерін) Акция Ұйымдастырушылары, сондай-ақ олар уәкілеттік берген тұлғалар деректерді өңдеудің автоматтандырылған құралдарын қолдана отырып өңдейтініне өз келісімін береді.

10.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы Акцияға қатысудың барлық ережелерімен және шарттарымен танысқанын және келіскенін растайды.

10.3. ActiboWoT.kz интернет-сайтта өзің тіркеуімен Қатысушы Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының әрекетке қабілетті азаматы болып табылатынын немесе көрсетілген мемлекеттердің аумағында тұратынын, өзінің және сенімді деректерін хабарлағанын және ұсынылған деректерді өңдеуге, сондай-ақ қосымша келісім берілген жағдайда - жарнамалық акциялар, сыйлықтар, өнім үлгілері туралы ақпарат алуға және акцияны Ұйымдастырушыдан басқа да ұсыныстар алуға келісім беретіндігін растайды. Қатысушының келісімі Акцияны Ұйымдастырушыға және ол уәкілеттік берген тұлғаларға осындай деректерді рұқсатсыз таратудан қорғаудың қажетті шараларын сақтайтын, сауалнамада көрсетілген және жүлделерді алу үшін ұсынылған Қатысушының деректерін жинауға, сақтауға, өңдеуге және пайдалануға, акцияны Ұйымдастырушының және/немесе оның уәкілетті өкілдерінің қатысушылармен, оның ішінде электрондық пошта жіберуді қоса алғанда, электрондық байланыс желілері арқылы байланыс жасауына құқық береді. Келісім қатысушы оның деректерін хабарлаған сәттен бастап жарамды.

10.4. Ұйымдастырушы Қатысушының акция шарттарын орындағанын растау үшін Қатысушы осы Ереженің 6.1-тармағына сәйкес жинаған Қатысушы тіркеген Жеке кодтардың (немесе олардың фотографиялық бейнесінің суретін) жеткізушілерін сұратуға құқылы.

Қатысушы сұратылған ақпаратты ұсынбаған жағдайда, Қатысушы Акция шарттарын орындамаған болып есептеледі және Ұйымдастырушы Қатысушыға жүлдені беруден бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

10.5. Қатысушы Акция шеңберінде жіберген жеке нөмірді әрбір тіркеуге жауап ретінде оны өңдеу нәтижесіне байланысты Қатысушы Ұйымдастырушыдан келесі жүйелік хабарламалардың бірін ала алады:

- Қабылданған жеке код туралы және Қатысушыны кепілдік берілген жүлде иегері деп тану туралы хабарлама;

- Жеке код жоқ екендігі туралы хабарлама;

- Жеке код бұрын белсендірілгені туралы хабарлама;

- Қайта енгізуге өтініш білдірумен Жеке кодтың дұрыс емес форматы туралы хабарлама;

- Сервистің қол жетімсіздігі туралы хабарлама (акция басталғанға дейін немесе акция аяқталғаннан кейін жіберілетін жеке кодтарды тіркеудің кез келген әрекеттеріне жауап ретінде);

- Қатысушы тарапынан қате кодтардың 3 (үш) рет қатарынан енгізілуінің белгіленуіне байланысты каптчаны (CAPTCHA) енгізу қажеттілігі туралы хабарлама. Қатысушы тарапынан осындай сипаттағы жүйелі әрекеттерді Ұйымдастырушы Жеке кодты таңдау әрекеті ретінде бағалайды және осы Ереженің 8.6-тармағымен түсіндіріледі.  

10.6. Акция қатысушыларын өткізу тәртібі мен шарттары туралы хабардар ету осы Ереженің толық мәтінін ActiboWoT.kz/rules сілтеме бойынша Акция порталында орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

10.7. Акцияны Ұйымдастырушы осы Ережеге өз бетінше өзгерістер енгізуге, Қатысушыларды акцияны өткізу мерзімін ұзарту немесе мерзімінен бұрын тоқтату туралы хабардар еткен жағдайда, ActiboWoT.kz мекен-жайы бойынша Акция порталында оны өткізу шарттары мен мерзімін өзгертуге құқылы, бұл ережелерді өзгерту туралы Қатысушыларға хабарлаудың тиісті және жеткілікті тәсілі болып табылады.


BrainWarrior. 2020 World of Tanks бойынша Орталық Азия чемпионаты.

Турнир online 3х3, 8 level, кездесу шайқастар, 12 + жас шектеуі форматында өткізіледі. Толық ереже төменде қол жетімді. Турнирге Қазақстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының, Қырғызстан Республикасының және Тәжікстан Республикасының резиденті болып табылатын кез келген ойыншы қатыса алады. Турнир іріктеу кезеңінің 2 кезеңінен тұрады, олардың нәтижелері бойынша финалға 4 команда шығып, жүлделі орындарды сарапқа салады. Бірінші турдың нәтижелері бойынша финалға шықпаған командалардың екінші іріктеу кезеңіне қайта қатысуына тыйым салынбайды.

Өткізу күндері:

1 іріктеу кезеңі: тіркелуі 10.08-нен  бастап 23.09-ға дейін, өткізу күні - 26 қыркүйек 2020 ж.

2 іріктеу кезеңі: тіркелуі 10.08-нен бастап 30.09-ға дейін, өткізу күні – 03 қазан 2020 ж.

BrainWarrior финалдық турнир - 10 қазан 2020 ж.


Жүлде қоры:

1 орын - 500 000 тенге + 100 000 Gold;

2 орын - 350 000 тенге + 70 000 Gold;

3 орын - 150 000 тенге + 30 000 Gold;

4 орын - 50 000 Gold*

* Gold (алтын) - World of Tanks ойынның ойын ішіндегі валютасы (Wargaming, PC нұсқасы)

**  Турнирдің серіктесі «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС-ы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүлде қоры үшін тиесілі салықты төлеу бойынша міндеттемелерді өзіне алады. Турнирдің серіктесі «Маревен Фуд Тянь-Шань» ЖШС Wargaming 1 USD = 250 Gold бағамы бойынша ақшалай сыйақыны (валюта - теңге) World of Tanks (Wargaming, PC нұсқасы) ойын ішіндегі валюта түріндегі баламаға ауыстыра отырып, Қазақстан Республикасының резиденттері еместер үшін жүлде қорын есептеу нысанын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.